Қасым-Жомарт Тоқаевты Франция президенті Эмманюэль Макрон Елисей сарайында қарсы алды, – деп хабарлайды БОРТ №1 Telegram арнасы.
Рәсімнен кейін мемлекеттер басшыларының екіжақты келіссөзі басталды.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Францияға ресми сапармен барғанын жазған болатынбыз.