Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Заңда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай өзгеріс көзделген:
ең төменгі жалақы мөлшері – 70 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге;
ең төменгі зейнетақы мөлшері – 53 076 теңге;
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге.