Астанадағы Украина елшілігіне жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарады
Астанадағы Украина елшілігіне жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарады
607
оқылды
1 желтоқсан сағат 17.50-де полицияға Украина Елшілігінің консулынан хабар түскен. Айтуынша, сағат 15.08-де электронды поштаға ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген хат келген. Бұл факті Есіл ауданы ПБ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Оқиға орнына дереу арнайы қызметтер келді. Тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Іс-шара эвакуациясыз өтті, қауіп жойылды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр.