«Қазгидромет» синоптиктері 4 желтоқсан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронттардың әсерінен шығыста, орталықта, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар жауады.
Ал Қазақстанның батыс аумағы антициклон ықпалында болады. Соның салдарынан көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын соғады.
Батыста, оңтүстікте, орталықта және таулы аймақтарда тұман түседі.