Елордада есірткі өткізген және сақтаған шетелдік ұсталды
Елордада есірткі өткізген және сақтаған шетелдік ұсталды
388
оқылды
Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өткізгені және сақтағаны үшін ер адамды ұстады. Тінту барысында Өзбекстанның 50 жастағы азаматынан 44,25 грамм гашиш тәркіленді.
"Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның есірткі қолданғаны расталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазды Ішкі істер министрлігінен.
ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.