Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
594
оқылды

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

5 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Түркістан облысының тауларында қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ, тау асуларында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 15-20 градус қатты аяз күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.