Жертөледегі цехтан жалпы құны 2,5 миллион теңге тұратын ішімдікті тәркіледі – видео
Жертөледегі цехтан жалпы құны 2,5 миллион теңге тұратын ішімдікті тәркіледі – видео
Фото: видеодан скриншот
577
оқылды
Абай облысында жертөледе ірі көлемде ішімдік дайындаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. ПД ҰҚҚІҚБ қызметкерлері алкогольді заңсыз өткізу бойынша жерасты цехын жою жөнінде арнайы операция жүргізді. Контрафактілік алкогольді 57 жастағы Семей тұрғыны үй-жайындағы жертөлесіне жинақтап, қолмен құю цехының желісін жабдықтаған. Полиция әртүрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1500 литрден астам алкогольді тәркіледі. Жалпы құны 2,5 миллион теңгеден асады. Заңсыз өнім үлгілері физика-химиялық сараптама жүргізуге жіберілді.
– Бұл факт Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тіркеліп, жіберілді, – деді Абай облысы ПД ҰҚҚІҚБ бастығының орынбасары Асет Шахантаев.