Алматы полициясы бүгін жоғалып кеткен 9 жастағы қызды іздестіріп жатыр.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 9 жастағы Айша Тимур бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылы бойындағы үйінен Алматының Түрксіб ауданында орналасқан мектепке шығып кеткен.
Барлық полиция жасақтары бағдарланған, іздеуге Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және оқиғаға бей-жай қарамайтын адамдар жұмылдырылды.
«Қыз бала арықтау келген, шашы қара түсті. Үстінде қызғылт күртеше, мектеп юбкасы, қара етік және көк қалпақ болған. Жоғалған қыздың арқасында қызыл сөмкесі болған», – делінген хабарламада.
Алматы қаласының полициясы қыздың жүрген жері, қайда екені немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын мына телефондар арқылы дереу хабарлауға шақырады: 298-54-02; 8-702-730-07-08 немесе “102”.