Мұхит Әзірбаев Қазақстанның құрылыс саласы одағының төрағасы болып сайланды.
Одақтың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Қазақстанның құрылыс саласының одағы (ҚСО) мүшелерінің шешімімен Одақ басқармасының төрағасы болып Мұхит Әзірбаев сайланды.
«Құрылыс индустриясы одағы өндірістік компанияларды, құрылысшыларды, жобалаушыларды, сәулетшілерді біріктіреді. Одақ өз алдына құрылысшылардың кәсіби қоғамдастықпен қарым-қатынасын шоғырландыру және құру, жобалау және құрылыс кезінде жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ құрылыс саласын дамыту стратегиясын іске асыруға, құрылыс қызметтерінің сапасын арттыруға жәрдемдесу міндеттерін қояды», – делінген хабарламада.
Еске салайық, Мұхит Әзірбаев 2017 жылдың шілдесі мен 2019 жылдың наурызы аралығында «Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» басқарма төрағасы болды,
2019 жылдың наурыз-сәуірі – Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы,
2019 жылдың 8 сәуірі мен 2022 жылдың 21 қыркүйегі аралығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Ол Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, құрылыс және энергетика мәселелеріне жетекшілік еткен.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның құрылыс саласы Одағынаның төрағасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ералы Сауранбаев болды.