Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған терапия өтті
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған терапия өтті
255
оқылды
Алматыда профессор Гульбахира Шырынбаеваның жетекшілігімен Абай атындағы ҚазҰПУ-ның «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3-курс студенттері Н.Жұма, А.Мурзагалиева, Ұ.Енкебаева, Р.Еркинов Алматы қаласындағы «ЕРЗИ» әлеуметтік-оңалту орталығының мүмкіндіктері шектеулі адамдарына арналған «Жүрек үні» өзін-өзі тану терапиясын өткізді. Оқу орнының «Мейірім» клубы ұйымдастырған әлеуметтік-терапевтік қызметі қатысушылардың өмірін одан әрі оңтайландыру мақсатында оның жасырын немесе іске асырылмаған мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтауға ықпал ететін әлеуметтік дамытуға бағытталған. Студенттер қатысушының жеке қызметі болып табылатын өзін-өзі тану, өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау бойынша өзін-өзі тану терапиясын қолданды. Ол үдеріс «Жағымды көңіл күйге келу (жұлдызды аспанның шексіздігіне шоғырлану)»; «Өзін-өзі тану жаттығуы»; «Мен қандай адаммын?»; «Өзіңді сурет бойынша таны!» тесті; «Күн шуағы» релаксациясы; топтық ән айту сияқты әдістерді қамтиды. Қолданылған әдістер жеке психологиялық «кедергілерді» анықтау, әркімге ішкі «Мен» ұғымын сіңіру үшін қолданылды.