Бүгін – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
Бүгін – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
752
оқылды
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай  Antikor Ortalygy  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жұртшылықтың рөлі» тақырыбында онлайн кеңес өтті. Іс-шара қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базилов, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»  РҚБ төрағасының орынбасары Дәулеткерей Рахметуллин, «Астана» медицина университеті» КЕАҚ ректоры Камалжан Надыров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгел, Астана қаласы Қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары Зейнолла Шибкенов, Астана қаласы әкімдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің мүшесі Ирак Елекеев, азаматтық қоғам институтының және квазимемлекеттік сектордың комплаенс қызметтерінің өкілдерінің қатысуымен өтті. Биыл атқарылған жұмысты қорытындылай келе, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базилов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұжырымдамасын іске асыруда жұртшылықтың жұмысы маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Бірлескен күштермен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және халықта да, мемлекеттік қызметшілер қатарында да сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитетті қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шара іске асырылды. Сонымен қатар Ілияс Базилов елордалық департамент пен Астана медицина университеті арасында келісімге қол жеткізілгенін атап өтті, оның шеңберінде оқу орнында оқытушылар құрамы, сондай-ақ студенттер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар енгізілуде. Тұрақты негізде денсаулық сақтау саласындағы белгілі мамандармен кездесулер өткізіледі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жетілдіріледі. Әкімнің орынбасары Есет Байкен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жаңарту мақсатында жоспар мен бірқатар іс-шара жасалғанын айтты. Ол сондай-ақ азаматтық сектормен және мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар  іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі үшін Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының атынан жұртшылық, мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдеріне, сондай-ақ комплаенс офицерлерге алғыс айтты.