Қазақ өнерінің жауһары
Қазақ өнерінің жауһары
695
оқылды
Ә.Қастеев атындағы Мемле­кеттік өнер музейінде «Қазақстан өнерінің 100 жауһары» атты ауқым­ды көрме өтеді. 90 жылға жуық тарихы бар Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде бірегей коллекция жинақталған. Қазақ­станның өнер классиктерінің – график­тердің, суретшілердің, мүсіншілердің бейнелеу өнерінің үздік үлгілері еліміздің көркем мұрасының алтын қорына айналған. Музей коллекциясының 100 жауһары осы альбомға енгізіліп, көрмеге қойылып, ХХ ғасырдың басында пайда болған сәтінен бастап осы уақытқа дейінгі қазақстандық бейнелеу өнерінің ең лайықты туындыларын, негізгі есімдерін, эволюциясын ұсынады. «Қазақстан өнерінің 100 жауһары» атты кітаптың құрылымы Қазақстанның кес­кін­деме, графика және мүсінінің танымал жауһарларын бейнелейтін үш негізгі бөлімнен тұрады. Әр блокта суретшілердің ұрпақтар сабақтастығы және дәуірдің, уақыттың, тарихтың негізгі тенденциялары көрініс табады. Әрбір туынды музей жинағының және жалпы қазақстандық мәдениеттің танымал бренді. Іс-шара Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған және музей коллек­циясының мақтанышы мен еліміздің көр­кем мұрасының үздік үлгілерін ұсына оты­рып, қазақстандық өнердің жоғары же­тістіктерін ұсынады.