"Балалардың болашағы үшін көшіп келдік. Астанада тұру көп адамның арманы ғой. Үй берген соң, жұмыс берген соң, көшіп келгеніміз дұрыс деп шештік. Балалардың осында тәлім-тәрбие алғаны дұрыс", – дейді Сәбит.Ал бір күнде батыр атанып, бүкіл елге аты шыққан Шонтақбаевтың әйелі Әйгерім болса, жаңа үйге қоныс аударғанына өте қуанышты. "Үйді жинап жүріп, бір жылап алдым. Өз үйім, өз төсегім. Өзіміздің отбасымыз. Қуаныш қой, енді...", – деп көзіне жас алды Айгерім. Сәбит Шонтақбаев "Локомотив" зауытында жұмыс істеп жүр. Ол әйелімен бірге төрт баланы асырап отыр.
Бір жылап алдым – 8-қабаттағы баланы құтқарып қалған Сәбит Астанадағы жаңа пәтеріне көшті

3,458
оқылды
оқылды