Дрезденде адамдарды кепілге алған күдікті ұсталды
Дрезденде адамдарды кепілге алған күдікті ұсталды
258
оқылды
Дрезден полициясы Altmarkt-Galerie сауда орталығында екі адамды кепілге алған ер адамды ұстағанын хабарлады. Кепілге алынғандардың ешқайсысы зардап шекпеген. Бұл туралы  DW порталы хабарлайды. Оқ атқан адам құтқару операциясы кезінде жараланып, кейін қайтыс болған. Полиция оның психикалық аурумен ауырғанын айтуда. Бұған дейін белгілі болғандай, 10 желтоқсанда таңертен Германияның Дрезден қаласында қарулы адам әйелді өлтіріп, содан кейін Дрезден радиосының ғимаратына кірмек болған. Ол негізгі Radio Dresden радиостанциясының кіре берістегі есігіне оқ жаудырған, бірақ ішке кіре алмаған. Радиостанция қызметкерлері қауіпсіз жерге тығылып үлгерген. Содан кейін күдікті көлікпен қаланың орталық бөлігіне барып, Altmarkt-Galerie сауда орталығындағы «DM» техникалық дүкенін паналаған. Оқиғаға байланысты сауда орталығы мен оның маңындағы аудандардан адамдар эвакуацияланды. Қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы Рождество базары жабылған.