Қазақстаннан ағаш материалдың кейбір түрін шығаруға тыйым салынды
Қазақстаннан ағаш материалдың кейбір түрін шығаруға тыйым салынды
740
оқылды
9 желтоқсаннан бастап елден ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды. Бұл туралы ИИДМ хабарлайды.
«Тыйым ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарын заңсыз кері экспорттауға жол бермеу мақсатында енгізілді. Индустрия министрінің арнайы бұйрығы ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар» кодын қоспағанда, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салуды көздейді», - делінген хабарламада.