Қазақстандық блогер (NNN) Нұрдәулет Бектұрсын мен оның досы Әлішер Қонысбаев Instagram желісіне қызықты видео салу үшін өте қауіпті трюк жасап, құны 30 млн теңге тұратын қымбат көлікті бүлдірді.
Нұрдәулет Бектұрсын қатар-қатар биік қойылған дәретхана қағаздары үстіне шығып алады. Бұл арадағы мақсат көлік дәретхана қағаздарына қойып кетіп, ал оның үстіндегі адам секіріп, аман-есен жерге түсуі керек болған. Қатты жылдамдықпен келген көлік дәретхана қағаздарын соғып өтті, ал блогер оның үстінен секіріп, жерге аман-есен түсті. Одан кейін камера көлікке қарай бағытталады. Ал көлік жүргізушісі ту-талақай шашылған дәретхана қағаздарының кесірінен рөлге ие бола алмай қалған болып шықты.
Зардап шеккендер жоқ. Алдыңғы жағы әбден бүлінген көлікті эвакуатор тиеп әкетті.