Қант диабеті жастарды қырып барады - Қытай ғалымдары
Қант диабеті жастарды қырып барады - Қытай ғалымдары
429
оқылды
Қытай дәрігерлері жастардың қант диабетіне жиі шалдығып, соның салдарынан көп жастар қайтыс болып жатқанын анықтады. Олардың айтуынша, соңғы 30 жылда дүниежүзіндегі жасөспірімдер мен жастар арасында 2-типті қант диабетінің жиілігі айтарлықтай артқан. Ғалымдар 2019 жылдан бері 204 елде 15 және 39 жас аралығындағы адамдардың қатысуымен зерттеу жүргізді. Сол арқылы олар 1990 жылдан 2019 жылға дейін бүкіл әлем бойынша жасөспірімдер мен жастардың аурушаңдықтың айтарлықтай көбейгенін анықтады. Өлім-жітім деңгейінің өскені де байқалды. Жалпы алғанда, 2-типті қант диабетімен ауыратындар мен одан өлетіндер салмағы  көп әйелдер арасында жиі кездеседі екен. Дегенмен семіздік ерлер үшін де қауіпті фактор болып саналады. Ғалымдар бұл зерттеу жастар арсындағы қант диабетімен күресудің тиімді шараларын жасауға мүмкіндік беретінін айтып отыр.