Екібастұзда апаттан зардап шеккендерге өтемақы қалай төленеді?
Екібастұзда апаттан зардап шеккендерге өтемақы қалай төленеді?
376
оқылды
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин тұрғындарға апатқа байланысты өтемақы төлеу тәртіптерін түсіндірді, – деп хабарлайды «Pavlodarnews.kz» сайты. Әкім өтемақы төлеу бойынша «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС үлескерлері және «Горэлектросеть» ЖШС иелерімен келісім жасасқанын айтты. – Әуелі қаражат «Горэлектросеть» шотына аударылады. Кейін ол абоненттердің есепшоттарына жіберіледі. Осылайша, өтемақы төленеді. Кейбіреулер халық пунктерге барып, арыз жазуы тиіс деген фейк ақпарат таратты. Электр энергиясы төлемдерін өндіріп алу үшін өтініш жазудың қажеті жоқ, – деп түсіндірді Аян Бейсекин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.