Синоптиктер 6 өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер 6 өңірде ескерту жариялады
677
оқылды
12 желтоқсанда еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 12 желтоқсанда таңертең және күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші екпіні 15-20 м/с күтіледі.

12-13 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, 12 желтоқсанда тәулік бойы,13 желтоқсанда түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қаласында кей уақытта тұман күтіледі.