Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімі өткен берешегі 90 күннен асқан азаматтарға қатысты Жарлыққа қол қояды.
-
"Мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыз алушыларды жаңа міндеттемелерді қабылдаудан «қорғау» тетігін ойластырған жөн. Жақын арада мен тиісті Жарлыққа қол қоямын", – деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар Президент кепілсіз онлайн микрокредитті қатаң реттеу қажет екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, кейбір елдерде оған толығымен тыйым салынған. Сол себепті Президент осы тәжірибені зерделеуді тапсырды.