Доллар бағамы 1,63 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 1,63 теңгеге арзандады
Фото: yakutsk.ru
260
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,63 теңгеге төмендеп, 1 доллар 469,93 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 472, 14 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 469,5 теңге, сатып алу – 473 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 468,5 теңгеден болса, сатып алу – 471, 5. Ресей рублі 7,27- 7,31 теңге аралығында саудаланып жатыр. ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 12 желтоқсан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,65 теңге болды.