Жалаңаштанып сәукеле киген қазақстандық боксшы қарсыласын уақытынан бұрын жеңді
Жалаңаштанып сәукеле киген қазақстандық боксшы қарсыласын уақытынан бұрын жеңді
© әлеуметтік желіден
1,067
оқылды
Қазақстандық боксшы әлеуметтік желіде сәукелемен түскен суретін жариялап, көпшіліктен оңбай сөз естіді. Ангелина Лукас суретін Instagram-парақшасында жариялапты. Онда ол басына сәукеле, ал үстіне тек арнайы боди киіп түскен. Образ авторы – Аида Қауменова.
"Салмақ өлшеу рәсімінен өттік! Мен Қазақстанда тұрамын, мен – қазақстандықпын! Мен боксты жақсы көремін, бокс – менің бүкіл өмірім! Мен – жауынгер әйелмін, күрескер әйелмін. Менің бүкіл өмірім – күрес!" – деп жазған спортшы парақшасында.
Желі қолданушылары спортшының мұндай ашық образын сынға алды.
"Масқара! Сәукелеге обал болды-ау", "Не киіп алған?", "Нағыз қазақтың қызы бұлай киінбес еді. Жеңіс тілеймін, бірақ сәукелені былай қорламау керек еді", "Киіміңді артық қыламын деп, тыртық қылдың. Ұйқасып тұрған жоқ. Егер осылай басқа біреу киіп түссе, оны әбден сынға алар еді. Қазақ болмаған соң, біз үшін сәукеленің киелі екенін түсінбейді. Сәттілік! Туды биік көтеріп жүре бергей", "Бұл тірліктерің дұрыс болмады. Қазақтың ұлттық нақышы, сәукелені қорлады" деп жазған пікір қалдырғандар.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Angelina Lukas (@angelina_lukas1997)