Түркістан облысында ер адам жұмыс орнына ұрлыққа түсіп, 6 млн теңге ұрлап кеткен
Түркістан облысында ер адам жұмыс орнына ұрлыққа түсіп, 6 млн теңге ұрлап кеткен
381
оқылды
Түркістан облысы Жетісай ауданында өз жұмыс орнына ұрлыққа түскен жігіт кассадан 6 млн теңгені ұрлап кеткен. Күдікті 3 жылға сотталды. Полицейлердің тергеу әрекеттері барысында, күдіктінің бұрын сол жерде жүк тасушы болып жұмыс істегені анықталды. Ол сол күні қойма ішіне кіріп, 5 сағаттай жұмысшылардың үйіне қайтқанын күтіп отырған. Іште ешкімнің қалмағанына көз жеткізгеннен соң сусындар қоймасының терезесінен кассаға өтіп, 6 млн теңгені сөмкесіне салып алып кеткен.
«Аталған іс бойынша жан-жақты тексеру шараларын атқарып, дәлелдемелерді жинақтаған полицейлер іс құжаттарын айыптау актісімен бірге сотқа жолдады. Нәтижесінде сот үкімімен 23 жастағы күдікті ҚР КҚ-нің 188-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қатысты 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды» делінген Түркістан облысы полиция департаменті таратқан ақпаратта.