Павлодарда бір жасар баланың өліміне қатысты тың мәлімет шықты
Павлодарда бір жасар баланың өліміне қатысты тың мәлімет шықты
Фото: optimism.kz
494
оқылды
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кезінде қаза тапқан сәби, оның 14 жастағы әпкесі мен 5 жасар ағасы үйде жалғыз болған.
«Балалар орындықтар мен креслодан отыратын жер жасап, ішін қараңғылап, шырақ жаққан. Сосын үлкен бала шамды алып кетіп бара жатқанда шырақтың ұшқыны басқа бір жерге тиіп, өрт тұтанған. Алайда балалар жалынды байқамай екінші қабатқа шығып ұйықтап қалған», – дейді департамент өкілі.
Өрт күшейген кезде балалардың үлкені оянған. Бірақ бір жасар інісін таба алмаған. Кейін өздері көшеге жүгіріп шыққан. Ал бір жасар кішкентай сәбидің 1-қабатқа қалай түскенін ешкім білмейді.
«Өрттің шығуына балалардың отқа абайсыз қарауы себеп болды. Осы факт бойынша 292-бап «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр», – деді ТЖД-нің өкілі.
Павлодарда жер үй өртеніп, бір жасар сәби тірідей жанып кеткен еді. Екі қабатты үйдің 1-қабатында екі кресло, биік орындық, кілем, сондай-ақ 2-қабатқа апаратын ағаш баспалдақ өртенген.