«Тәуелсіздік және елорда» атты республикалық мүшәйра жеңімпаздары марапатталды
«Тәуелсіздік және елорда» атты республикалық мүшәйра жеңімпаздары марапатталды
396
оқылды
 «Elorda Aqparat» ЖШС Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған «Тәуелсіздік және елорда» атты жазба ақындардың республикалық мүшәйрасының қорытынды кешін өткізді. Биыл желтоқсан айында тәуелсіздік бастауы – Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл толып отыр. Ұйымдастырушылар осы мүшәйра арқылы Алаш қайраткерлерінің еңбегін және Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың ерлігін еске алып, тәуелсіздікке тағзым етуді көздеді. «Elorda Aqparat» ЖШС директоры Олжас Сыдықбек ақындар сайысының негізгі мақсаты тәуелсіздігімізді және Астананы жырлау болғанын атап өтті.
- Ертең 13 желтоқсан Алаш автономиясының құрылғанына  105 жыл толады. Тәуелсіздік -  Алаш зиялыларының арманы. Сол Тәуелсіздікке біз жетіп отырмыз. Бабалар арман еткен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Elorda Aqparat» медиахолдингі осындай шараға мұрындық болып, қасиетті мерекеміз бен Астанамызды жырға қоссақ дедік, - деді Олжас Сыдықбек.
тәуелсіздік Қараша айында жарияланған байқауға шарт бойынша 40 жасқа дейінгі ақындардың  өлеңдері қабылданды. Елімізге танымал, көрнекті ақындардан құралған қазылар алқасы келіп түскен өлеңдерді сараптап, шешімін шығарды. Қазылар құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Оңайгүл Тұржан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбай болды. Бас-аяғы 103 ақыннан келіп түскен 206 өлеңді оқып шығу оңай емес екенін айтқан қазылар алқасының мүшесі Ғалым Жайлыбай осы мүшәйра  өлеңдерін кітап етіп басып шығаруды ұсынды. тәуелсіздік Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов елордада Тәуелсіздік күніне арналған 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланғанын айтты. Ал осы «Тәуелсіздік және елорда» мүшәйрасы аталған шаралардың бастамашысы деп атап өтті. Сондай-ақ, осындай атаулы сәтті пайдалана отырып, ақын Ғалым Жайлыбайды Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық алуымен құттықтап, қала әкімдігі атынан қазақы рәсіммен ақынның иығына шапан жапты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан шын мықтылар сахна төріне шақырылып, марапаттары салтанатты түрде табысталды. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, биыл туғанына 90 жыл толған «Жезкиік» ақын Кәкімбек Салықов атындағы арнайы жүлдені Ұмтыл Зарыққан (Астана) иеленді. Үшінші орынды Қарлығаш Қашқынбай (Павлодар) және Айдын Байыс (Астана) бөлісті. Екінші орынға Аршын Нұрбақыт (Алматы облысы) лайық деп табылса, бас жүлдені Ілияс Мұқаев (Қарағанды) еншіледі. тәуелсіздік тәуелсіздік тәуелсіздік тәуелсіздік Жыр кешінде жүлдегер ақындар өз өлеңдерін оқыды. Ал Музыкалық жас көрермен театры әртістері ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Ғашық жүрек» поэтикалық қойылымынан үзінді көрсетті. Сондай-ақ белгілі әншілер Медет Салықов пен Клара Төленбаева, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этноансамблі ән мен күйден, ұлттық әуендерден шашу шашты.