Қызылордада кен орнында екі күзетші қаза тапты
Қызылордада кен орнында екі күзетші қаза тапты
Фото: yandex.kz
391
оқылды
Қызылорда облысында кен орнындағы металл вагонда екі күзетші көз жұмған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама кеше сағат 20.30 шамасында келіп түскен. «Хабарламада Сырдария ауданында орналасқан Белқұдық Тұзкөл ұңғымасы №49 кен орнында металл вагонда көміртегі газымен уланған екі адамның қайтыс болғаны айтылған. Олар 1972, 1975 жылғы Қызылорда қаласының тұрғындары екені белгілі болды. Серіктестікте күзетші қызметін атқарған», – деді ТЖД өкілі. Бұған дейін Павлодарда өрттен бір жасар бала көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.