Қазақстанда неке сақинасы қымбаттады
Қазақстанда неке сақинасы қымбаттады
Фото: aqmeshit-zhastary.kz
1,670
оқылды
Биыл он айда зергерлік бұйымдардың бағасы айтарлықтай өсті. Қараша айында алтын неке сақинасы былтырмен салыстырғанда 37,6%-ке қымбаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Naryk.kz-тің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында алтын сақина бір жылда 71,6%-ке қымбаттады. Одан кейінгі орында Жетісу және Алматы облыстары: тиісінше 68,3% және 66,6%. Сондай-ақ Астанада (51,5%), Шығыс Қазақстан облысында (49,9%), Алматыда (48,5%) және Ақмола облысында (44,9%) айтарлықтай өсім байқалды. Баға Атырау (3,7%), Батыс Қазақстан (10,7%) және Қызылорда (11%) облысында да өскен. Жыл басынан бері алтын неке жүзік 37,2%-ке қымбаттады (бір жыл бұрынғы кезеңде 4,5% қымбаттаған). Қарашада сектордағы баға өзгерген жоқ, бірақ наурызда баға 27,8%-ке күрт қымбаттады. Биыл 9 айда 98,3 мың неке тіркелді. 2021 жылмен салыстырғанда 6,7%-ке аз. Оның ішінде, қалада некеге тұрғандар саны 10,7%-ке азайып, 66,4 мыңға дейін, ал ауылдық жерде керісінше, 2,9% көбейіп, 31,8 мыңға жетті.