Балалар әдебиетіне арналған республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды
Балалар әдебиетіне арналған республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды
689
оқылды
Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен «Айтұмар» балалар әдебиетінің үздік туындыларының республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Балалар әдебиетін дамытуға арналған жарысқа «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бас демеушілік танытқан. Байқау шарты бойынша 14-35 жас аралығындағы, ҚР аумағында тұратын кез келген қаламгер қатысуға мүмкіндігі болған. Әр қатысушыдан тек бір ғана аталым бойынша проза, поэззия және драматургия жанрларында шығармалар қабылданды. Балалар әдебиетін насихаттап, жас қаламгерлерді дәріптеуге арналған байқаудың жалпы жүлде қоры 12 300 000 теңге. Әдеби додаға поэзия, проза және драматургия бағыттары бойынша 200-ге тарта шығарма келіп түсіпті. Оның ішінде әр жанр бойынша 6 жас қаламгер жеңімпаз деп танылып, әр аталым бойынша І орын (біреу) – 1 000 000 теңге, ІІ орын (екеу) – 800 000 теңге, ІІІ орын (үшеу) – 500 000 теңге табысталды. Белгілі ақын, Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып төрағалық еткен қазылар алқасының шешімімен проза жанры бойынша І орын Арман Әділбекке, ІІ орын Мейіржан Жылқыбай мен Нұрасыл Зиядибековке және ІІІ орын Айсәуле Мереке, Дана Әбдіманап, Қарлығаш Сарбаеваға бұйырды. Поэзия жанры бойынша І орынды Мерей Қарт, ІІ орынды Айдана Бейсен, Асылан Тілеген және ІІІ орынды Мұқағали Кенжетай, Айдана Сегізбай, Нұрбибі Аязбай иеленді. Драматургия бойынша І орын Назерке Құмарғалиеваның, ІІ орын Әлібек Байбол мен Жансерік Құттыбаевтың және ІІІ орын Жәнібек Қойтай, Рахат Әлішер, Ықылас Шалғымбайдың еншісіне бұйырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үш жанр бойынша байқауға 200-ге тарта шығарма келіп түскен.