Жезқазғанда қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимараты салынды
Жезқазғанда қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимараты салынды
465
оқылды
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Жезқазған қаласында С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимараты салынды. Қазақстан тұңғыш рет Мәскеулік Щепкин оқу орны мен ГИТИС театр оқу ордаларымен жобаларды бірлесіп атқарады. 1972 жылы М.Әуезовтің «Айман-Шолпан»  спектаклімен шымылдығын ашқан Серке (Серәлі) Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының құрылғанына биыл 50 жыл толды. Театрдың 50 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті. Мерейтой салтанатына Астана, Алматы, Тараз, Қостанай және Қарағанды қалаларынан арнайы қонақтар келді. Олардың қатарында  театрдың іргетасын қаласқан актерлер, елімізге белгілі  өнер мен мәдениет қайраткерлері, театр басшылары  және  басқа да құрметті қонақтар келді. Театрдың 50 жылдық тойына, өнер тарландарының мерейлі мерекесіне көрермендер көп жиылды. 1972 жылы Мәскеудегі Шепкин атындағы театр училищесін бітірген жастар дипломдық жұмыстарында дәл осы «Айман-Шолпан»   спектакльді қойған екен.  width= Ұлытау облысының әкімі  Берік Әбдіғалиұлы салтанатты шараға қатысушыларды театрдың 50 жылдық мерейтойымен құттықтап,  Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтауын театр басшысы Досхан Сәкенұлына тапсырды. Мерейтой қарсаңында  театр ұжымының гастрольдік сапарларын сапалы әрі жайлы ету үшін жаңа автобус көлігін тарту етті. Ол өз сөзінде театрдың қол жеткізген табыстары, талантты әртістерінің  өнерді өркендетуге қосқан үлесіне жан-жақты тоқталды. Театрда ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан артистер  Мәдениет және спорт министрінің Дәурен Абаевтың бұйрығымен  Жәнібек Аристамбековке, әдебиет бөлімінің меңгерушісі Үмітай Молдабергенге, музыка бөлімінің меңгерушісі Үмітай Абдулаеваға, аудармашы Балдырған Жаппарханова, қуыршақ труппасының жарық берушісі Күлан Бәйдешоваға «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін салтанатты түрде тапсырды. Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының төрағасы, ҚР халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов құттықтау сөз сөйлеп, актерлер Бақытжан Ибраев пен Ерке Бәйдешовқа «Дара» төсбелгісін тапсырды. Қарағанды облысының мәдениет басқармасын ұзақ жылдар басқарған, қазір Қарағанды қаласындағы «Сарыжайлау» кинотеатрының басшысы Рымбала Кенжебалақызы Омарбекова, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының басшысы Құрман Қалымов, К.Станиславский атындағы облыстық орыс драма театрының басшысы Дунай Еспаев, Қарағанды музыкалық-комедия театрының режиссері  Пермякова Евгения Михайловна және Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының директоры Нұрлыбек Қосжанов  құттықтау сөз сөйлеп, бағалы сыйлықтарын тапсырды. Бұдан соң театрдың әртістері дайындаған «Бізге – 50 жыл!» театрландырылған қойылымы көрермен назарына ұсынылды. Театрдың іргетасын қаласқан әртістер сахна төріне  шақырылды. Олар студенттік шақтарын, театр іргесін құрған жастық шақтарын еске алып, театрға шығармашылық табыс тіледі.  width= С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының директоры Досхан Сәкенұлы: Серке театрының шығармашылық тынысы соңғы 3 жылда кеңейгенін атап өткен жөн. Отандық және шетелдік үздік театр мамандарымен бірлескен шығармашылық тандемде еліміздің театр кеңістігінде айтулы жаңалық бола білген «Жұт», «Сен және Мен» және «Көксерек» қойылымдарымен қатар «Екі дүние ортасындағы мейманхана», «Мен ішпеген у бар ма?» қойылымдарымен театр көрермендерін қуантуда. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында өткенде «Балауса» Халықаралық театр фестивалі, Астана қаласында өткен Ш.Жандарбекованың 100 жылдығына арналған республикалық фестивалі мен Т.Айтқожанов атындағы республикалық театр сахна сайысы фестивальдерінде жүлделі орындарға ие болып, кәсіби театр мамандарының оң бағасын алып келеді. «Біздің шығармашылығымызға назар аударып, қолдау көрсетіп отырған ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне алғысымды айтқым келеді. Соңғы жылдары еңбектері бағаланып 14-ке жуық мамандарымыз «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Біздің театрымызға қолдау көрсетіп отырған барлық серіктестеріміз бен тілеулестерімізге зор ризашылығымды білдіремін. Серке театрының мақсаты – «Жезқазған театр меккесі» атауына лайық болу. Осы бағытта Мәскеулік Щепкин оқу орны мен ГИТИС театр оқу ордаларымен бірлескен жобаларды іске асыру арқылы Жезқазғандық театр мамандарын тәрбиелеу арқылы, Серке театрының шығармашылығын әлемдік үрдіспен қатар алып жүруге жол ашамыз. «Жұт» (реж.А,Нигманов (РФ, Мәскеу), «Көксерек» (реж.К.Денискин (РФ, Мәскеу) қойылымдары осы мақсатымызға апарар жолдардың бірі.