«ҚазАгроҚаржы» филиалы экс-директорының мәйіті көлігінен табылды – видео
«ҚазАгроҚаржы» филиалы экс-директорының мәйіті көлігінен табылды – видео
Фото: kazlenta.kz
382
оқылды
Талдықорғанда «ҚазАгроҚаржы» филиалының Алматы облысы бойынша экс-директоры өз көлігінен өлі күйінде табылды. Бұл туралы Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға 13 желтоқсанда таңертең «Көктем» шағынауданында болған. Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрлардан көліктердің бірінен мәйіт табылғандықтан, полицияның Koktem Grand қонақүйінің жанындағы көлік тұрағын қалай қоршауға алғаны көрінеді.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Новости Алматинской области. (@kris_p_tdk)

Полиция мәліметінше, 47 жастағы жергілікті тұрғынның денесі Toyota Hilux Pick Up көлігінің салонынан табылған.
«Ер адам қарумен өз-өзіне қол жұмсаған деген болжам бар. Қажетті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу басталды», – деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаменті.
«ҚазАгроҚаржы» марқұмның Алматы филиалының экс-директоры Ержан Устаев екенін растады. Ол «ҚазАгроҚаржы» АҚ-та 21 жылдан астам еңбек еткен. Ержан Ұстаев 1975 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. 4 қыркүйекте ол 47 жасқа толды.