Банк секторына мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігі «AMANAT» партиясының жанындағы кеңесте қаралды
Банк секторына мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігі «AMANAT» партиясының жанындағы кеңесте қаралды
430
оқылды
Банк секторына мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігі және өзге де мәселелер «AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің отырысында қаралды. Экономика шолушысы Денис Кривошеевтің айтуынша, қазақстандық банктерді байытудың бірнеше көзі бар. Соның бірі – арзан әрі ұзын ақшаның тікелей қаржылық құйылымдары.
«Банктерді санациялау – ірі қаржы институттарының негізгі кіріс бабы. Мәселен, барлық проблемалық несиелер есептен шығарылып, мемлекетке беріліп келді. Бұдан соң, қалыптасқан провизиялар қаржылық көмекпен бірге банкке өтіп отырды. Біз триллиондаған теңге туралы айтып отырмыз. Арзан және ұзын ақша тек көмек түрінде ғана емес, сонымен қатар белгілі бір банктерде төмен пайыздық мөлшерлемеде депозиттері, сондай-ақ корсет шоттары бар квазимемлекеттік сектордың есебінен де орналастырылады. Біз, сондай-ақ, БЖЗҚ сатып алатын облигациялар туралы да айтып отырмыз. Жеңілдіктер жеке айтылады. Мысалы, қаржы секторында – 26%, ал өңдеу өнеркәсібінде – 14%. 2017 және 2018 жылдары банк жүйесін қолдауға 4,3 триллион теңге жұмсалды», – деді ол.
Кеңес төрағасы Ерлан Саиров 2009 жылдан бастап банк секторын қолдау үшін мемлекет 9 триллион теңге бөлгенін, сондай-ақ бұл қаражаттың бір бөлігі қайда жұмсалғаны әлі белгісіз екенін атап өтті.
«Жылдар бойы банк саласында мемлекет қаражаты есебінен пайданы жекешелендіріп алуды және барлық шығындарды мемлекеттің мойына артуды көздейтін жағдай қалыптасып келді. Адал жолмен келмеген қаражатты ептілер есебін тауып өзара бөлісіп алып, пайда болған мәселені мемлекетке итермелеп отырды. Құзыретті органдардың өкілдері «Jusan Bank»-тың қызметіне назар аударуы тиіс деп санаймын. Банк менеджменті дивидендтерді мемлекеттік көмек қаражаты есебінен төлеуге тырысады. Тиісті хат Бас прокуратураға және басқа да органдарға жіберіледі. Бұл аспект біздің кеңестің ерекше бақылауында болады», – деді Ерлан Саиров.
Сондай-ақ, отырыс барысында Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қаралды. Өңірде жүргізілген талдау нәтижесін назарға ала отырып, кеңес мүшелері жергілікті атқарушы органдардың қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім екенін атап өтті. Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша және орындалған жұмыс актілеріне қол қою мәселелерін шешу кезінде бюджет қаражатын жымқыру және ұрлау фактілері – кең таралған схемалардың бірі саналды.  Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ іссапар шығындары мен сыйлықақыларды есептеу кезінде де бюджетке қол сұғылады.
«Облыс басшылығы тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындаудың және ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың тиімді шешімдері әзірленбейді. Бұл жұмысты орындау кезінде жалпы және шаблондық тұжырымдарды қолдану – орындаушыларды өзі ісіне селсоқ қаратып қана қоймай, жалпы бұл жұмысты тиімділіктен айырады», – деп атап өтті кеңес төрағасы Ерлан Саиров.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кеңес Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровті сөгіс түрінде және Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркеповті ескерту түрінде, сондай-ақ өңірдің өзге де лауазымды тұлғаларын партиялық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Сонымен қатар, жиын барысында еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, Кеңес мүшелері мемлекеттік ұлттық табиғи парктер қызметкерлерінің төмен жалақысы мен олардың жеткіліксіз санына баса назар аударды. Сондай-ақ, бақылаусыз жайылым мәселесіне де  мән берілді. Бұл әрекет өсімдіктердің жойылуына және нысандардың туристік тартымдылығын төмендеуге әкеліп соғады.