Қазақстанның төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
580
оқылды
Қазақстанның төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды. Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында екпіні - 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20, 23 м/с. Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20, 23 м/с. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да күшті болады.