Көктайғаққа байланысты ШҚО-да жолдар жабылды
Көктайғаққа байланысты ШҚО-да жолдар жабылды
875
оқылды
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстық маңызы бар жолдардың бірі жабылды.
«Өскемен-Новотроицкое» тасжолының 0-22 шақырымында автокөліктердің барлық түрі үшін жол жабық. Бұған боран және жолдың дұрыс көрінбейтіндігі себеп болып отыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.