Франциялық шабуылшы жарақатына байланысты әлем чемпионатының финалына қатыса алмауы мүмкін
Франциялық шабуылшы жарақатына байланысты әлем чемпионатының финалына қатыса алмауы мүмкін
358
оқылды
Француз шабуылшысы Оливье Жиру жарақатына байланысты Аргентинаға қарсы әлем чемпионатының финалында ойнай алмауы мүмкін, деп хабарлайды L'Equipe. Басылым мәліметінше, ол Марокко құрамасына қарсы жартылай финалдық ойында жарақат алған. Ағымдағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Жиру бес матчқа қатысып, 4 гол соққан. Бүгін, сағат 21.00-де Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында Франция мен Аргентина құрамалары ойнайды. Осы уақытқа дейін екі құрамада әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы атанған.