Атырау облысының тұрғыны 20 қарашада із-түзсіз жоғалып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Қызылқоға ауданының 24 жастағы тұрғыны 20 қарашада таңғы сағат 05:00 шамасында үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
«Ақ Жайықтың» жазуынша, жас жігітті іздеуге ТЖД және полицейлер, «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылған болатын. Бірақ еш нәтиже болмағандықтан, іздеу жұмысы қысқартылған еді.
Белгілі болғандай, жігіттің денесін 16 желтоқсанда Қаракөл ауылынан 22 шақырым жерде Өмірәлі қыстағы маңындағы бейіт арасынан малын іздеп жүрген бақташы тауып алған.