Тоқаев Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрын 50 жылдық мерейтойымен құттықтады
Тоқаев Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрын 50 жылдық мерейтойымен құттықтады
891
оқылды
Қазақстан Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының 50 жылдық мерейтойымен құттықтады. Құттықтау хатты Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы театр басшысы Досхан Сәкенұлына салтанатты түрде табыстады. "Құрметті театр ұжымы! Сіздерді Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының құрылғанына 50 жыл толуымен құттықтаймын! Бұл – төл мәдениетіміз үшін елеулі оқиға. Осыдан жарты ғасыр бұрын бір топ жас өнерпаздың бастамасымен негізі қаланған шағын ұжым бүгінде тарихы терең, дәстүрі бай іргелі өнер ордасына айналды. Театрда ұлттық және әлемдік драматургияның үздік туындыларының сахналануы – соның айқын дәлелі. Алдағы уақытта да жұртшылыққа мазмұнды әрі мағыналы қойылымдар ұсынып, ұлт руханиятын байытуға үлес қоса бересіздер деп сенемін. Әрдайым көрермендеріңіз көп болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!" – делінген хатта.  width= 1972 жылы М.Әуезовтің «Айман-Шолпан»  спектаклімен шымылдығын ашқан Серке (Серәлі) Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының құрылғанына биыл 50 жыл толды. Театрының 50 жылдық тойына, өнер тарландарының мерейлі мерекесіне көрермендер көп жиылды. 1972 жылы Мәскеудегі Шепкин атындағы театр училищесін бітірген жастар дипломдық жұмыстарында дәл осы спектакльді қойған екен. Театрдың 50 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті. Мерейтой салтанатына Астана, Алматы, Тараз, Қостанай және Қарағанды қалаларынан арнай қонақтар келді. Олардың қатарында  театрдың іргетасын қаласқан актерлер, елімізге белгілі  өнер мен мәдениет қайраткерлері, театр басшылары  және  басқа да құрметті қонақтар бар. Бұдан соң театрдың әртістері дайындаған «Бізге -50 жыл!» театрландырылған қойылымы көрермен назарына ұсынылды. Театрдың іргетасын қаласқан әртістер сахна төріне  шақырылды. Олар студенттік шақтарын, театр іргесін құрған жастық шақтарын еске алып, театрға шығармашылық табыс тіледі. Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының директоры Досхан Сәкенұлы Серке театрының шығармашылық тынысы соңғы 3 жылда кеңейгенін атап өткен жөн. Отандық және шетелдік үзжік театр мамандарымен бірлескен шығармашылық тандемде еліміздің театр кеңістігінде айтулы жаңалық бола білген «Жұт», «Сен және Мен» және «Көксерек» қойылымдарымен қатар «Екі дүние ортасындағы мейманхана», «Мен ішпеген у бар ма?» қойылымдарымен театр көрермендерін қуантуда. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында өткенде «Балауса» Халықаралық театр фестивалі, Астана қаласында өткен Ш.Жандарбекованың 100 жылдығына арналған республикалық фестивалі мен Т.Айтқожанов атындағы республикалық театр сахна сайысы фестивальдерінде жүлделі орындарға ие болып, кәсіби театр мамандарының оң бағасын алып келеді.  «Біздің шығармашылығызға назар аударып, қолдау көрсетіп отырған ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне алғысымды айтқым келеді. Соңғы жылдары еңбектері бағаланып 14-ке жуық мамандарымыз «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Біздің театрымызға қолдау көрсетіп отырған барлық серіктестеріміз бен тілеулестерімізге зор ризашылығымды білдіремін. Серке театрының мақсаты – «Жезқазған театр меккесі» атауына лайық болу. Осы бағытта Мәскеулік Щепкин оқу орны мен ГИТИС театр оқу ордаларымен бірлескен жобаларды іске асыру арқылы Жезқазғандық театр мамандарын тәрбиелеу арқылы, Серке театрының шығармашылығын әлемдік үрдіспен қатар алып жүруге жол ашамыз. «Жұт» (реж.А,Нигманов (РФ, Мәскеу)), «Көксерек» (реж.К.Денискин (РФ,Мәскеу)) қойылымдары осы мақсатымызға апарар жолдардың бірі»