Фото: ПД-нен алынды[/caption]
Жарақат алған ер адам оқиға орнында қаза тапты.
Атырау қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдікті көлікті іздестірді. Нәтижесінде, Стаханов көшесінде орналасқан гараждың арасынан Mercedes Benz көлігін анықтады.
34 жастағы жүргізушінің көлікті ішімдік ішіп, мас күйде басқарғаны белгілі болды.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен және 347-бабымен іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА