"2 баласы бар": Ақтөбеде жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен әйел табылды
"2 баласы бар": Ақтөбеде жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен әйел табылды
Фото: 24.kz
2,148
оқылды
Ақтөбеде жаңа туған сәбиін қорапқа салып, далаға тастап кеткен әйел табылды, – деп хабарлайды polisia.kz Telegram каналы.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласының 29 жастағы тұрғыны анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді. Ол баланы өлі туғандықтан, далаға тастап кеткенін айтқан. Оның кәмелетке толмаған тағы екі баласы бар екені анықталды", дейді Ақтөбе облысы ПД ЖСКБ басшысы Ерболат Сарқұлов.
Бұған дейін хабарланғандай, 19 желтоқсан күні сағат 22.05-те полицияға Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың денесі табылғаны туралы хабарланған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтаған.