«Жамбыл. Жаңа дәуір» тарихи фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті
«Жамбыл. Жаңа дәуір» тарихи фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті
2,438
оқылды
Кеше, Алматы қаласындағы «Chaplin MEGA Alma-Ata» кинотеатрында «Жамбыл. Жаңа дәуір» көркем фильмінің пресс-көрсетілімі өтті. Картинаның алғашқы көрермендері болу журналистер мен Алматыдағы «SOS» балалар ауылының жеткіншектеріне бұйырды. Картинаны фильмде бас рөлді сомдаған Халық әртісі Досжан Жанботаев пен режиссер Жандос Құсайынов таныстырды.
«Жамбыл атамыздың есіміне байланыстырыла айтылатын, шындыққа сәйкес келе бермейтін неше түрлі аңыз-оқиғалар, әңгімелер көбейіп кеткеніне қынжылып, мен ұлы ақынның шынайы образын халыққа көрсеткім келді, - деді режиссер Жандос Құсайынов.
 width= – Сол дәуірге терең бойлай отырып, нақты әрі шынайы фактілерге қол жеткізу үшін мен тарихи-мұрағаттық құжаттарды ақтарып, ақын туралы сол дәуірдің жазушылары тарапынан жазылған кітаптарды оқып шықтым. Бірақ мен документалды фильм емес толыққанды, оның үстіне тарихи ғана емес көркем дүние түсіретініме толық қақым бар екеніне сенімді болдым». Фильмнің оқиғалар желісі Жамбыл Жабаевтың өмірінің соңғы 9 жылын қамтиды. Дәл осы кезеңде ақынның аты бүкіл кеңестер одағына дүркірей танылған болатын. Фильмде Жамбылдың өміріне үлкен әсер еткен оқиғалар баяндалады: ақындар слеті, ақын өлеңдерінің газеттер мен журналдарда басыла бастауы, Ораз Жандосовпен, Бауыржан Момышұлымен, Сәкен Сейфуллинмен және тағы да басқа қазақтың атақты қоғам қайраткерлерімен  кездесуі.
«Басты рөлді сомдайтын актерді көп іздедік. Режиссер үшін ең маңызды болғаны ол актер түр-әлпетінің ақын бейнесіне дәлме-дәл келуі: «Ол үшін біз басты рөлге үміткердің фотосуретін алып оның түрін «қартайттық», - деді Жандос Құсайынов.
Актерлер құрамына тағы басқа Алмас Шаяхметов, Анна Старченко, Асан Мәжіт, Ерік Жолжақсынов, Фархад Махмудов, Филипп Волошин сияқты танымал актерлер кірді.  width= «Жамбыл. Жаңа дәуір» тарихи картинасының түсірілімі 2021 жылы, Қазақстан көлемінде ақынның 175 жылдығы аталып өтіп жатқан кезде басталды. Фильмді түсіру ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ұлттық киноны қолдау Мемлекеттік орталығының қолдауымен іске асырылды. Картинаның әлеуметтік әріптесі «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болды. Қордың бастамашылығының арқасында 2022 жылдың көктемінде аталмыш картинаны түсірушілер балалар арасында республикалық кастинг өткізді. Кастинг кезінде қоғамның әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының балалары мен білімі ерекше жетілген балалар да кеңінен қамтылды. Келіп түскен 1200-ден астам өтініш иелері арасынан фильм авторлары 35 баланы таңдап алып, олар фильмде әртүрлі деңгейлі рөлдерді сомдау мүмкіндігіне ие болды.