Түркістандық қос ананың талап-тілегі орындалды
Түркістандық қос ананың талап-тілегі орындалды
1,196
оқылды
«AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бірқатар тұрғынның мәселесі оң шешімін тапты. Облыстық мәслихат депутаттарының қабылдауына келген азаматтардың басым бөлігі жұмыссыздық бойынша өтінішін білдіре келіпті. Мәселен, халық қалаулысы Шолпан Бегалиева түркістандық көпбалалы аналардың мұң-мұқтажын тыңдап, өтінішін назарға алды. Қала тұрғындары М.Қасымова және А.Бисембиева қыздарының жұмыссыз жүргендігін айтып, көмек көрсетуді сұрады. Нәтижесінде, қос ананың талап-тілегі орындалып, Шолпан Маратқызына алғысын білдірді. Ал, кездесуге келген өзге де азаматтардың арыз-өтініштері депутаттың бақылауында болмақ.    width= Қабылдауға келген облыс тұрғындарының бірі – І топтағы мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты ана Д.Жидебаева. Ол депутаттан тұрғын үйіне жылу жүргізуге ықпал етуді сұрады. Депутат Бекарыс Шойбеков  бұл мәселе бойынша демеушілер тарапынан қолдау көрсетуге атсалысатынын жеткізді.  width= Сондай-ақ партия филиалындағы кездесуде жұмыссыздықтан бөлек, әлеуметтік мұқтаждық мәселесі де көтерілді.  Халық қалаулылары барлық өтініш заң аясында қаралып, жауап берілетінін жеткізді. Түркістан облысы