Рамазан Стамғазиев 12 жыл бойы пәтер жалдаған екен
Рамазан Стамғазиев 12 жыл бойы пәтер жалдаған екен
©www.elana.kz
756
оқылды
Елге белгілі әнші Рамазан Стамғазиев 12 жыл пәтер жалдап тұрғанын сөз етті. Ол бұл жайында "1001 түн" бағдарламасында өткенін еске алып, сыр шерткен болатын. Әншінің айтуынша, 2000 жылдары ғана үй сатып алған екен. – "Талай өткелден өттік. Біз 2000 жылға дейін пәтер жалдап тұрдық. 12 жылдан кейін, 2000 жылы ғана үй алдық. Ел-жұрт сыртымыздан ғана таниды. Атымыз шықпаған, ақырын көтеріліп келе жатқан кез. Күндіз Қазақконцертте, түсте колледжде сабақ беремін, кешке "Жерұйық" деген мейрамханада жұмыс істедім. Сонда ағайынды ақырын аяққа тұрғызу, іні-қарындастарымды оқуға әкелу, балаларды жеткізу деген жоспарлар болды. Осы күнге дейін анам тұрғанда, жанұямыз, Ұлтудың үлкен әпкелері тұрғанда туыстардың жағдайын жасаудан тартынған жоқпыз", – деді Рамазан Стамғазиев. https://www.youtube.com/watch?v=jxaw04nu8Tc