«Қазгеология» басшылары жалақысын екі есе көбейтіп алған – Антикор
«Қазгеология» басшылары жалақысын екі есе көбейтіп алған – Антикор
Фото: zhardem.kz
285
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ (мемлекеттің 100% қатысуы) басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Мекеме басшылығы жарғыны бұза отырып, директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз басқарма мүшелеріне (басқарма төрағасы, төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 млн теңгеден астам сомаға артық төлеп, лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деген күдік бар. Тергеу жалғасып жатыр, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.