Қарағандыда қар таситын жүк көлігі жылу құбырына соғылды
Қарағандыда қар таситын жүк көлігі жылу құбырына соғылды
Фото: yarcube.ru
392
оқылды
Таңертең қалада бірнеше көшенің тұрғындары жылусыз қалды. Оған КамАЗ жүргізушісінің жылу құбырына соғылуы себеп болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«22 желтоқсан сағат 04.30-да КамАЗ автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі көктайғақта Гоголь көшесі бойымен келе жатып, қажетті аралықты сақтамай, көліктің өлшемін ескермей, жылу құбырымен соқтығысқан. Апат салдарынан көлік құралы мен құбырға механикалық зақым және материалдық залал келді. Жүргізушіге Әкімшілік заң бұзу туралы кодекстің 610-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды және шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД-нің баспасөз қызметі.
Көлік көшелерді қардан тазартатын «Тазалық эксперт» ЖШС-на тиесілі. Қарағанды қаласының әкімдігі апат салдары жойылғанын хабарлады.
«Магистралды құбырдағы ақауды жөндеу жұмысы аяқталды. «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС ЖЭО-1-мен бірлесіп қазір  гидравликалық режимді қалпына келтірумен айналысады. 2-2,5 сағаттан кейін температуралық режим қалпына келтіріледі»,  – деді әкімдік өкілі.