Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы жігіт 18 күннен кейін табылды
Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы жігіт 18 күннен кейін табылды
Фото: lada.kz
1,005
оқылды
Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған жас жігіт 18 күннен кейін өзі байланысқа шығып, тірі екенін хабарлаған. Ер адам бейнеүндеу жариялаған, – деп хабарлады Lada.kz. Белгілі болғандай, Шетпе ауылының 18 жастағы тұрғыны отбасындағы жанжалдан кейін үйінен шығып, Алматыға кетіп қалған. 18 жастағы Асқар Қылышбеков 2 желтоқсанда үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Қолында жылы киімдер салынған пакет болған. Жігітті Қазақстан бойынша «Lider.kz» қозғалысының еріктілері мен полицейлер іздеді.