Павлодарда 15 жастағы қыз 8-қабаттан құлап кетті
Павлодарда 15 жастағы қыз 8-қабаттан құлап кетті
1,719
оқылды
Павлодар қаласында көпқабатты үйдің терезесінен жасөспірім құлап, полиция тергеуге кірісті. Бұл туралы polisia.kz телеграм каналы хабарлайды.
«22 желтоқсанда сағат 17:08 шамасында Павлодар қаласының полициясына «қыз биіктіктен құлады» деген шақыру түсті. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы 2007 жылы туған қыз баланың Н. Назарбаев даңғылы 204 мекенжайындағы үйдің 8-қабатынан құлағанын анықтады. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 105-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.