Еліміздің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
292
оқылды
Қазгидромет еліміздің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Ақмола облысында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 25 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с. Павлодар облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Қостанай қ: таңертең және күндіз 23 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Астана қаласында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.