Елімізде электромобильге арналған тегін орындар болады
Елімізде электромобильге арналған тегін орындар болады
302
оқылды
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Мұқатаев электромобильдерге көшуді ынталандыру бағытында тиісті Жол картасында қамтылған іс-шаралар жөнінде айтып берді.
«Газ-моторлы отынмен және электр қозғалтқыштарымен жүретін қалалық қоғамдық көліктің үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажет инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүргізіледі. Осы орайда дизель отынымен жүретін автокөлікті сатып алуды кезең-кезеңмен шектеу (орындаушылар - Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері) ескерілген», - дейді Серікқали Мұқатаев Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.
Сонымен қатар ол электромобильдер үшін инфрақұрылымды орнатуды дамыту және ынталандыру жұмыстары атқарылатынын жеткізді. «Мұнымен қоса, «электромобильдер тұрағы» арнайы белгісін әзірлеу және электромобильдерге арналған тротуар үлгісіндегі ақылы автокөлік тұрақтарында тегін орындарды бөлу ескерілген», - деді вице министр.