Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
407
оқылды
Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қызылорда облысында түнде шығыстан, облыс орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді деп күтіледі. Түнде Қызылордада шығыстан екпіні секундына 15 метр болатын жел соғады. Оңтүстікте, Түркістан облысының тау бөктерінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан, таулы аймақтарда соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.