Қызылорда облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Қызылорда облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
275
оқылды
Қызылорда облысының аумағындағы тасжолда болған жол апатынан екі адам қаза тапты.
«24 желтоқсан күні сағат 10:50 шамасында Самара-Шымкент тасжолының 1270-шақырымында (Арал ауданы) жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметтер бойынша,  Lexus автокөлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қаза тапты», - деп жазды ІІМ-нен.
Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.