Фитнес клубтарда ұрлық жасап жүрген ер адам ұсталды – видео  
Фитнес клубтарда ұрлық жасап жүрген ер адам ұсталды – видео  
Фото: polisia.kz
439
оқылды
Алматыда ер адам фитнес клубтарда ұрлық жасап, телефон, бағалы заттарды ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, 32 жастағы Ю. өзге аймақтан келген. Алматыда жалдамалы пәтерде тұрады. Тұрғылықты жерін үнемі ауыстырып тұрған.
«Ол тек фитнес клубтарда ұрлық жасап жүрген. Жаттығу залдарына клиенттің атын жамылып келіп, жалған жеке деректер бойынша бір реттік жаттығуға жазылып, жаттығу залында жарты сағаттан артық болмай, кейін киім ауыстыратын бөлмеге қарай кеткен. Ол жерде келушілердің жеке заттарынан сөренің кілтін тауып алып, оларды ашып, өзімен бірге бөтеннің ақшасын, телефондары мен зергерлік бұйымдарын алып кеткен. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеуде оның осыған ұқсас 10 ұрлыққа қатысы бар екені анықталды», – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
  https://youtu.be/tYs-xz_nnYk Ұры бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған.